Геннадий Головкинге ақша тіккен жанкүйер 20 миллион теңгесін ұттырған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкинге ақша тіккен жанкүйер 20 миллион теңгесін ұттырған

Геннадий Головкинге ақша тіккен жанкүйер 20 миллион теңгесін ұттырған

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы әйгілі жекпе-жектен соң көптеген жанкүйерер қыруар қаржыдан қағылса, букмекерлік кеңс

  • 18 Қыркүйек 2017
  • 4055
Фото - Caravan.kz

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы әйгілі жекпе-жектен соң көптеген жанкүйерер қыруар қаржыдан қағылса, букмекерлік кеңселер пайдаға шаш етектен кенелді. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Себебі көптен күткен жекпе-жек тең аяқталады деп болжағандар өте аз еді. Еліміздің азаматтарының басым бөлігі шаршы алаңда жерлесіміз Геннадий Головкин жеңеді деген нық сенімде болды. Сол себепті ақша тігіп пайда табатындар қаржысын өз спортшымыздың атына салды. Өкінішке орай болжам олай болмай шықты. Қос боксшы төрешілердің шешімімен тең түсті. Бұл жағдай көптеген жанкүйердің қалтасын қағып кетті. Ақшасынан миллиондап ұтылғандар да бар.

Мәселен мына суретте жекпе-жекке 1,67 коэфицентімен Голвкиннің пайдасына деп 20 000 000 тіккен адам бар ақшасынан ұтылды.


Соңғы жаңалықтар