Бұл туралы әнші Инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады.
«Германияда қазақстандық тұшпараны жарнамалайды екенмін. Енді, міне, не істейтінімді ойлап отырмын…», — деп жазды әнші ресми аккаунтында.
Әншінің өнерін сүюшілер болса, екі жаққа бөлінді. Біреулері бұл заңсыз екенін айтып, әншіге оны заң жолымен шешуге кеңес берсе, басқаларына әншінің суреті ұнап, оның сол арқылы біздің еліміздің шетелде танылуына септігін тигізіп отырғанын айтып жатыр.