Германияда ұшқыштар тағы ереуілге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда ұшқыштар тағы ереуілге шықты

Германияда ұшқыштар тағы ереуілге шықты

Германияда «Люфтганза» әуе компаниясының ұшқыштары ереуілдерін жалғастыруда. Бұл жолғы бас көтеруден соң 750 рейс ұшпай қалған.

  • 20 Наурыз 2015
  • 238
Фото - Caravan.kz

Кәсіподақтар басшылықтың зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайтуына қарсылық танытуда. Мамандар ұшқыштардың жұмыстан қатты шаршап, ерте күйзеліске ұшырайтынын айтады. Ақпарат құралдарының мәлімдеуінше бүгінгі қарсылық шарасы құрлықаралық рейстердің жұмысын тоқтатса, ертең бұл жағдай Еуропа елдері мен ішкі рейстерге ауыспақ. Сөйтіп «Люфтганзаның» жұмысы уақытша тоқтап қалайын деп тұр. Әуе компаниясы мен кәсіподақтар арасындағы шиеленіс былтырғы сәуірден бері жалғасып келеді. Ал ұшқыштар 12-ші рет наразылық шарасына шығып отыр.