Азот тотығында қабынуға қарсы тұратын қасиеті бар және ол антиоксидант болып табылады. Оны денедегі бактериялар тудырады. Уитлоктың пайымынша, ата-бабаларымыз сирек жуынғандықтан, олардың денсаулығы мықты болған.
Уитлоктың душта жуынудан бас тартқанына шамамен 12 жыл болды. Сабынды пайдаланып жуынудың орнына ол теріге табиғи балансын қалыпқа келтіруге көмектесетін бактерияларды жағады. Таңдаған жолын дұрыс деп санайтын ғалым AOBiome компаниясының негізін қалады. Ол «Балшық ана» (Mother Dirt) препаратын шығарған, деп жазады шетелдік БАҚ.