Ғалымдар: Ер адамдарға бақытты болу үшін бес дос қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Ер адамдарға бақытты болу үшін бес дос қажет

Ғалымдар: Ер адамдарға бақытты болу үшін бес дос қажет

Өздерінің жұбайларын достарының ортасына жібермейтін әйелдердің әрекеті дұрыс емес.

  • 25 Қазан 2013
  • 525
Фото - Caravan.kz

Онсыз, белгілі болғандай, бір де бір ер адам өзін шынайы бақыттымын деп сезінбейді.

Оксфорд университетінің ғалымдары осындай шешім шығарып отыр, деп хабарлады Myjane порталы. Олар жүргізген сауалнама барлық ер адамдардың аптасына екі күн достарының ортасында болу керектігін көрсеткен. Яғни, ондай жандардың көңіл-күйлері үнемі көтеріңкі болып, өздерін бақытты сезінеді.

Ғалымдар тіпті ер адамға қанша дос қажеттігін де жариялады. Ол үшін 4-5 дос болуы керек. Ал бұл топтағы адамдар саны артқан сайын мұндай ортадан алатын әсер төмендей береді.