Ғалымдар фитобизнеспен айналысуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар фитобизнеспен айналысуға ниетті

Ғалымдар фитобизнеспен айналысуға ниетті

Ертіс өңірінің ғалымдары жергілікті кәсіпкерлерге дәрілік өсімдіктерді өсіріп, нәпақа табуды ұсынуда.

  • 20 Наурыз 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Торайғыров университетінің ғалымдары өңірде дәрілік өсімдіктердің әлеуеті толыққанды пайдаланылмай келеді деген пікірде. Қазіргі уақытта облыс аумағында дәрілік өсімдіктердің 200-ге жуық түрі кездеседі. Бұл сала кәсіпкерлер үшін тиімді болуы мүмкін.

Биология ғылымдарының кандидаты Виктор Камкиннің айтуынша, өсімдіктердің шипалы қасиеттері баяғыдан белгілі. Бүгінде дәрілік шөптер, шайлар мен өзге де пайдалы заттар Алтай өлкесінен тасымалданады. Себебі фитобизнес өзімізде дамымаған.

Бұған дейін сынақтар жүргіздік. Бір күн ішінде 100 келі шөп жинап, өңдеуге болады. Бұл шикізаттың 20%-нан таза өнім алуға болады. Өкінішке қарай, сала дамымай қалған. Табиғатымыз бай. Мақсатымыз – фитобизнестің ауқымын кеңейту, отандық өнім шығару. Жергілікті бренд болса дейміз. Мәселен, «Алтай шөптері» деген өнімдерді бәріміз білеміз. Бізде де саланы дамытуға бар мүмкіндік бар, — дейді Виктор Камкин.

Бұл ұсыныстарын ғалымдар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде жеткізді.

Ғалымдар өсімдіктерді жинау ғана емес, өсіріп, бизнесті фармацевтикалық мақсатта дөңгелету туралы айтты. Кездесу барысында шаруа қожалықтарының өкілдері де қызығушылық танытты. Себебі фермерлердің жерлерінде дәрілік өсімдіктер жабайы күйде өсіп жатыр. Біздің ойымызша, сұраныс болады. Себебі біздің облыста кездесетін өсімдіктер еліміздің оңтүстігінде кездеспейді, — дейді жергілікті кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мүбарак Жақұпов.


Қазір ғалымдар мен кәсіпкерлер бірлескен жобаларын қолға алған. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары кезінде өсімдіктердің жүздеген түрін тапқан. Басым бөлігі Баянауыл өңірінде кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін зерттеу аясында ғалымдар сынақ жүзінде 2,5 гектар жерге «иван шай», оралдық мия және тобылғы өсімдіктерін еккен. Зерттеу оң нәтиже көрсетті. Шикізат алуға мүмкіндік мол. Фитобизнестің тағы бір артықшылығы бар. Шаруашылық оң жолға қойылса, топырақтың құнарсызданбауына жол берілмейді.

Соңғы жаңалықтар