Ғылым комитеті Есеп комитетінің ескертпесін қолданыстағы заңнаманың қайшылықтарымен түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғылым комитеті Есеп комитетінің ескертпесін қолданыстағы заңнаманың қайшылықтарымен түсіндірді

Ғылым комитеті Есеп комитетінің ескертпесін қолданыстағы заңнаманың қайшылықтарымен түсіндірді

ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімдерді жыл сайын 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» заңға сәйкес қалыптастырады, деп хабарлады edu.gov.kz. 

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 425
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, бұл заңда алдағы қаржы жылына арналған бюджет бекітілгеннен кейін конкурсты өткізу мен ғылыми жобаларды іріктеу қарастырылады (ҚРҮҚ №575 25.05.2011ж.).

Сонымен қатар, бюджет заңнамасына сәйкес бюджет өтінімін енгізу үшін оған сараптамадан өткен ғылыми жобалар қосылады.
Осылайша бюджеттік өтінімдерді енгізу мен жобаларды таңдау жұмыстары уақыт бойынша түйісе алмады.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2013 жылдың наурыз айындағы 29,9 млрд.теңге бюджеттік өтінімінің құрамында ғылыми жобаларды қаржыландыруға қарастырылған болатын. Сондай-ақ осыған ұқсас жағдай Ауыл шарушылығы министрлігінде (12 млрд. теңге) және Инвестициялар және даму министрлігінде (2,2 млрд.теңге) орын алған.
Аталған сәйкессіздіктерді жою мақсатында Ғылым комитеті 2014-2016 жылдарға бюджеттік өтінімдерді бюджеттік заңнама нормасына сәйкес келтірді.

Қазіргі таңда 2012-2014 жылдардағы ғылыми зертеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігі мен іске асырылу барысына мониторинг жүргізу жұмыстары аяқталуда.

Ғылым комитеті ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың ғылым және ғылыми-техникалық қызметін рейтінгілік бағалаудың жаңа жүйесін енгізуде. Ұлттық ғылыми кеңестер құрамын қалыптастыру қағидаларын және олардың қызметтерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысын болдырмау үшін кеңес мүшелерінің құрамын қайта қарау жоспарлануда.

Мұнымен қоса министрлік ҚР Парламентінің Мәжілісіне ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өндіріске енгізуді көздейтін «Коммерцияландыру туралы» Заңының жобасын әзірлеп енгізді.

Соңғы жаңалықтар