Головкиннің аты жөнін нөміріне жазған шымкенттік жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің аты жөнін нөміріне жазған шымкенттік жүргізуші ұсталды

Головкиннің аты жөнін нөміріне жазған шымкенттік жүргізуші ұсталды

Геннадий Головкиннің Шымкенттегі жанкүйері көлік жүргізу құқығынан айрылуы мүмкін. Ол машинасының нөмірінің орнына өзі пір тұтатын спортшының аты-жөнінің бас әріптері жазылған тақтайша іліп қойған.

  • 20 Наурыз 2015
  • 237
Фото - Caravan.kz

Джи Джи Джи. Ақ түсті Киа. Осы көлік бойынша жұмыс жасаймыз. Жалған нөмірмен жүр.

Алғашында мұндай нөмірді көзімен шығарып салған погондылар, артынша көлікті қуып жүріп тоқтатқан. Сөйтсе, жас жігіт белгілі боксшы Геннадий Головкинді қатты құрметтейтінін көрсету үшін жалған нөмірді жасатып, көлігіне тағып алыпты. Қазір бокс фанатының көлігі айып тұрағына қойылды. Ал жігіттің өзі жүргізуші куәлігімен бір жылға қоштасатын болды. Енді полицейлер кез-келген жұлдыздың аты-жөнін оп-оңай мемлекеттік нөмірге жазып беретін мекемені тауып, жазаламақшы.