"Халық сусыз отыр": Тоқаев Ақтауды Баку мен Дубайға айналдыруға тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халық сусыз отыр": Тоқаев Ақтауды Баку мен Дубайға айналдыруға тапсырма берді

"Халық сусыз отыр": Тоқаев Ақтауды Баку мен Дубайға айналдыруға тапсырма берді

Қайдағы туризм? Ақтау тұрғындары сусыз отыр. Қала тұрғындары туризмнен бұрын, халықты қарапайым ауызсумен қамтамасыз етулерін сұрап жатыр. Ақтауда су жоқ, шелекпен тасыдық, дейді.

  • 14 Маусым
  • 19
Фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары ауыз сусыз қалды. Кейінгі бір аптада тіршілік нәрі тіпті сыздықтап ағып тұр. Әкімдікке шағымданған халықтың сөзіне құлақ асар ешкім жоқ. Бұл жылда қайталанатын мәселеге айналды.

Он жыл бұрын уәде берген «Ақтау сити» қаласы қайда кетті? Дубайға жетеміз дегенше тағы 100 жыл өтетін шығар. Дегенмен, мемлекет басшысы өз бақылауына алып, тапсырма беріпті, деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің барлық өңірде бір мезетте 20 туристік аймақты дамыту жоспарын сынға алып, мұндай әдіс тиімсіз екенін айтты. Сондай-ақ мемлекеттің шектеулі ресурсын зая кетіріп жатқанын сынға алды.

Президенттің пікірінше, Қазақстан туризмнің жаһандық деңгейдегі төлқұжатына айналуға лайық анағұрлым перспективті нысандарды қысқа мерзім ішінле ретке келтірген жөн.

«Алматы өңірінің тау кластері, Маңғыстау жағажай туризмі және Щучье-Бурабай курорттық аймағы ең қолайлы бағыттар саналады. Алматы — Қазақстан туризмін дамытудың басты орталығы. Жалпы туристер легінің төрттен бірі, соның ішінде шетелдік туристердің жартысы осы қалаға тиесілі. Бірақ, қаланың туристік инфрақұрылымы жылдан-жылға артып келе жатқан нөпірге төтеп бере алмайды.

Демалыс және мереке күндері Шымбұлаққа келушілер саны оның өткізу мүмкіндігінен 2,5 есе асып кетеді. Сондықтан тау шаңғысы кластерін, оның ішінде Алматы облысындағы Түрген шатқалында жыл бойы жұмыс істейтін тау курортын салу арқылы одан әрі дамыту өте маңызды, — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент Үкіметке Маңғыстау облысының әкімдігімен бірге Каспий жағалауындағы туризм инфрақұрылымының сапасын арттыру үшін қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің әлемдік брендтері мен франшизаларын тартуды тапсырды. Жағалаудағы курорттық аймақтарды дамыту үшін Дубай мен Баку қалаларының тәжірибесін қолдануды тапсырды.

Ақтау қаласының бас жоспарын, Ақтауға Алматыдан, Ақтөбеден, Шымкенттен және Атыраудан қатынайтын әуе рейстерінің санын арттыруды тапсырды. «Жылы жағажай» аумағындағы жобаларды жыл соңына дейін аяқтауды, сондай-ақ Кендірлі демалыс аймағын дамыту ісін жеделдетуді тапсырды.