"Халықтың егініне жаны ашымайды": Шардараның егістік алқаптарын шегіртке опырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халықтың егініне жаны ашымайды": Шардараның егістік алқаптарын шегіртке опырып жатыр

"Халықтың егініне жаны ашымайды": Шардараның егістік алқаптарын шегіртке опырып жатыр

Әлеуметтік желіде шегіртке жайпап жатқан егістік алқаптары туралы видеолар пайда болды.

  • 18 Маусым
  • 19
Фото: әлеуметтік желіден алынған

Обал… деп жазды белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мысалы дәл қазір Ақтауда, Каспий жағасында, дәл біз демалып жүрген жағалауда бір түйір жәндік жоқ, — не маса, не шіркей, не шегіртке, не шыбын көрмейсің.

Неге олай деп ойлап-ойлап, оның жауабын тапқан сияқтымын: бұл жерге, негізінен, қалталылар, байлар келіп демалады, бұл маңайға ақша миллиондап құйылып жатыр, әрбір клиент маңызды, жарнамаға селкеу түспеуі тиіс… сондықтан әр маса, әр шыбын, әр шіркей, әр шегірткені жеке-жеке қуып жүріп уласа да, қолмен қуса да — бұл маң ондай шыбын-шіркейден ада болуы шарт…

Ал егістік алқаптар… олар кедейлердікі… олардың егіні таланбақ түгіл, өздері таланса да бәрібір. Олардың еккен егінін, жеміс-жидегін бұлар жемейді, базардан импортныйға заказ беріп алдырады ғой, сондықтан халықтың өзіне де, егініне де жандары ашымайды…. «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген осы…»