ІІМ: алаяқтық бойынша іздеуде жүрген адам кәсіпкер Төлешовтің үйінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ: алаяқтық бойынша іздеуде жүрген адам кәсіпкер Төлешовтің үйінде ұсталды

ІІМ: алаяқтық бойынша іздеуде жүрген адам кәсіпкер Төлешовтің үйінде ұсталды


  • 2 Ақпан 2016
  • 486
Фото - Caravan.kz

"Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласында Тоқтар Төлешовтің тұрғылықты мекен-жайынан бірнеше адамға қатысты жасаған бірқатар алаяқтық қылмыстары үшін іздеуде жүрген Алматы қаласының тұрғыны 1988 жылы туылған Калтаков Сергей Викторовичті қолға түсірді, тінту шараларын жүргізу кезінде Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері атыс қаруы мен есірткі заттарын тәркіледі. Төлешов және Калтаков Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", — деді Сәдубаев. 


Еске салайық, осыған дейін Шымкентте арнайы операция кезінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ұсталғаны хабарланған болатын. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. Кейін "Террорлық қатерлерді сараптау орталығының" директоры Рамиль ЛатыповШымкентте белгілі кәсіпкер, ТҚСО-ның бұрынғы басшысы Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.