ИКҰ елдері бір-біріне азық-түлік жағынан көмектесуі қажет
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттерге Астанада ИКҰ-ның аймақтық азық-түлік қорын құруды ұсынды. |
«ИКҰ шеңберінде өзара азық-түліктік көмек көрсететін жүйе құруымыз қажет. Күн өткен сайын бұл мәселенің өзектілігі артып отыр», - деді ол Ұйымның сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан 38-ші сессиясында.
Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл жүйе аймақтық азық-түлік қоры ретінде жұмыс істейді және мүдделі мемлекеттер аумағында азық-түлік пулдарын құруға болады.
«Біз азық-түлік экспорттайтын мемлекет ретінде осы ұйымның, осы қордың штаб-пәтерін Қазақстанға орналастыра аламыз», - деп атап өтті президент.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін