ИКҰ жанында сарапшылар органы болуы тиіс
Ислам конференциясы ұйымының сарапшылар органын құру қажет. |
Бүгін Астанада басталған Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекетер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай ұсыныс жасады.
«Ұйымды қайта құру және жаңарту аясында арнайы сарапшылар органын енгізу қажет. Аталған құрылым терең болжамдық-сараптамалық жұмыстарды жүргізіп, мемлекет басшыларына ұйым ішіндегі және одан тыс өзгерістердің нақты сценарийлерін ұсынуы тиіс. Оны институт немесе орталық ретінде құру қажет», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін