Иордания мен Ирак шекарасындағы бекет қайта ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иордания мен Ирак шекарасындағы бекет қайта ашылды

Иордания мен Ирак шекарасындағы бекет қайта ашылды

Иордания лаңкестердің әрекетіне байланысты 2014-ші жылы жабылған Иракпен шекарадағы басты тексеру-өткізу бекетін қайта ашты.

  • 1 Қыркүйек 2017
  • 317
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараға екі елдің ресми өкілдері қатысты. Бұл бекет 3 жыл бұрын «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» бақылауына өтіп, Иордания оны жауып тастаған, — деп хабарлайды 24.kz 

Ал аймақты азат етуге үкімет әскері Мосулдағы лаңкестерді тас-талқан еткеннен кейін ғана қол жетті. Қазір Ирак үкіметі Бағдадқа қарай баратын жолдың қауіпсіздігін күшейткенін айтады.

Мохаммед әл-Халбуси, Анбар провинциясының губернаторы: – Бұл шара аймақта бейбітшілік орнағанын көрсетеді. Лаңкестер біздің провинцияға кіргенде бекет жабылып қалған еді. Енді Иорданиямен бірге оны қайта ашып отырмыз.


Халеб Зуби, Иордания Сыртқы істер министрі: – Шекарадағы бекеттің ашылуы екі елдің лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтастығын білдіреді. Өңірде бейбіт өмірдің қайта орнауын қалаймыз.