IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,10 процентке арзандаса, NYMEX шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,19 процентке қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,10 процентке арзандаса,  NYMEX шикізат биржасында  таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,19 процентке қымбаттады

IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,10 процентке арзандаса, NYMEX шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,19 процентке қымбаттады

22-тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларындағы мұнай фьючерсінің құны әр бағытта өзгеріп, IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,10 процентке арзандаса , NYMEX шикізат биржасында 0,19 процентке қымбаттады ,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 25 Тамыз 2003
  • 374
Фото - Caravan.kz

Айталық, Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы 0,10 процентке арзандап, әр барреліне 29,69 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны 0,19 процентке қымбаттап, әрбір баррельге шаққанда 31 доллар 84 центке дейін көтерілді.