Жарияланды: 420

IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,10 процентке қымбаттаса, NYMEX шикізат биржасында 0,13 процентке арзандады

15-тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларындағы мұнай фьючерсінің құны әр бағытта өзгеріп, IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,10 процентке қымбаттаса , NYMEX шикізат биржасында 0,13 процентке арзандады ,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Айталық, Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы 0,10 процентке қымбаттап, әр барреліне 28,83 долларға дейін көтерілді. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны 0,13 процентке арзандап, әрбір баррельге шаққанда 31 доллар 05 центке дейін төмендеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть