Иран Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы "Батыс - Шығыс" диалогын күшейтуге ықпал етеді деп сенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы "Батыс - Шығыс" диалогын күшейтуге ықпал етеді деп сенеді

Иран Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы "Батыс - Шығыс" диалогын күшейтуге ықпал етеді деп сенеді

Астана. 12-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Тегерандағы елшілігінде Иран Ислам Республикасының жетекші БАҚ өкілдерінің, сондай-ақ, Иранның қоғамдық-саяси қайраткерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Баспасөз мәслихатының тақырыбы Қазақстанның Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуге сайлануы болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 601
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының елшісі Ерік Өтембаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан демократиялық және экономикалық реформалар, соның ішінде, қалыптасқан көппартиялы жүйе, үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы жан-жақты әңгімелеп берді.

Қазақстан дипломаты өз сөзінде «Қазақстан, міне, бес жылдың көлемінде ЕҚЫҰ-на төрағалық ету туралы сұранымын алға жылжыту бойынша белсенді науқан жүргізді. Бұл сұраным біздің қауіпсіз әлемге концептуалдық көзқараспен қарауымыздағы маңызды элемент болды. Оның негізі ЕҚЫҰ-ның 1996 жылғы Лиссабон саммитінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзінде қаланған болатын. Біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы төрағалығына сайлануы және осымен байланысты үрдістер бұл аймақты кешенді түрде қайта түлетуде өз тиімділігін көрсетеді».

Қазақстан елшісі сондай-ақ, жақын болашақта Қазақстан «Мұсылман әлемі және Батыс» тақырыбында халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Осылайша, конструктивтік диалог үшін дүниежүзіндегі ең негізгі деген қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелері бойынша өз ойын ашық айта алатын қолайлы орта құруға бастамашы болып отыр.

Иран тілшілерін саяси реформа мәселелері, соның ішінде, Қазақстан парламентінің төменгі палатасына сайлаудағы пропорционалды жүйеге ауыстырылған мажоритарлық жүйе мәселелері, саяси жүйедегі партия рөлінің артуы, ЕҚЫҰ-ның болашақ лауазымындағы болуы мүмкін реформаторлық көзқарастар, сондай-ақ, биліктің заң шығарушы тармағының алдында жауапты болған үкімет құру тәртібі қызықтырды.

Баспасөз мәслихатына қатысқандар Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі 16-жылдық тәуелсіздік кезіндегі елдің саяси және экономикалық дамуының өзіндік бір белесі болып отыр деген пікір білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ТМД мәселелері жөніндегі департаментінің директоры, Иранның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мортез Сафаридің айтуынша Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі халықаралық ұйымдар, әсіресе, «Ислам конференциясы» ұйымы аясында өзара тиімді іс-қимылдарға ықпал ететін болады. Қазақстанның бастамаларын және «Мұсылман әлемі және Батыс» халықаралық конференциясын ұйымдастырудың мезгілі жеткенін атап көрсете келіп, Мортез Сафари «Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Батыс пен Шығыс арасындағы іскер диалог ортасын құруға айтарлықтай үлес қосады», — деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті