Жарияланды: 320

Иранда Британия елшілігі қайтадан ашылады

Иранда Британия елшілігі қайтадан ашылады

Британия осы аптаның соңында Иран астанасында өз елшілігін қайта ашады.

Ағылшын елшілігі 2011 жылы көтерілісшілердің Тегерандағы ғимаратқа басып кіруіне байланысты жабылған болған болатын. Ол кезде өзге де дипломатиялық кеңселерде құжаттар ұрланған болатын, деп хабарлады ВВС агенттігі. 

Сол кезде Британия Ирандағы елшілігін жауып, өз еліндегі Иран елшілерін елден шығарып жіберген болатын. Тамыз айында Англия Сыртқы істер министрі Филип Хэммонд Тегерендағы елшілік жұмысын қайта жандандырғысы келетінін мәлімдеген болатын. 
14 шілде күні Вена қаласында АҚШ, Германия, Франция, Британия, Қытай, Ресей («алтылық») Иранның ядролық қару туралы мәселесінде ортақ келісімге келген болатын. Ондағы құжатқа байланысты Иран уран өндіруді тоқтатып, одан халықаралық санкция алынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін