Иранға қарсы АҚШ санкцияларынан соң мұнай қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранға қарсы АҚШ санкцияларынан соң мұнай қымбаттады

Иранға қарсы АҚШ санкцияларынан соң мұнай қымбаттады

АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының ауқымы кеңеюіне байланысты мұнай бағасы артуда деп хабарлайды РИА Новости сауда-саттық деректеріне сілтеме жасап.

Астана уақытымен сағат 11:18-дегі ахуал бойынша, солтүстіктеңіздік Brent мұнай қоспасына сәуір фьючерстерінің бағасы 0,35%-ға артты – барреліне 57,01 долларға дейін. WTI мұнайына наурыз фьючерстерінің бағасы да 0,35%-ға артты – барреліне 54,02 долларға дейін.

  • 6 Ақпан 2017
  • 323
Фото - Caravan.kz


Иран 29 қаңтарда орташа қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізген еді. Бұған жауап ретінде Вашингтон санкциялар тізімін кеңейтіп, 13 жеке тұлғаның есімін енгізді. Бұл – Иран, БАЭ, ҚХР, Кувейт және Ливан елдерінің азаматтары. Сонымен қатар, тізімде Иран, Ливан, ҚХР және БАЭ елдерінде орналасқан 12 компанияның атауы бар. Санкция баллистикалық ракеталар құрастырушы иран бағдарламалары мен "Хезболлах" ливандық шейіттер тобын қолдауды да қамтиды.  

 

Соңғы жаңалықтар