Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
— Жергілікті полиция қызметі бізге екі проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, жергілікті атқарушы органдардың өңірлердегі қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етудегі рөлі мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар жергілікті деңгейде профилактика жүйесі құрылып, дамиды. Екіншіден, жергілікті полиция құқық қорғау қызметін халыққа жақындата түседі және полицияның жергілікті қауымға есеп беруін арттырады.