Жарияланды: 600

Ислам Даму банкі Орталық Азия аймағы мен Парсы шығанағы арасында көлік дәлізін құруды қаржыландыру мақсатымен арнаулы бағдарлама қабылдайды

Ислам Даму банкі Орталық Азия аймағы мен Парсы шығанағы арасында көлік дәлізін құруды қаржыландыру мақсатымен арнаулы бағдарлама қабылдайды. Бұл туралы Ислам Даму банкінің президенті Ахмед Мұхаммед Али бүгін, 3-қыркүйекте Ислам Даму банкі басқарушылары Кеңесінің Алматыда өткен жыл сайынғы 28-отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.

Банк президентінің айтуынша, мұндай бағдарламаны бекіту банк үшін Ислам Даму банкіне мүше елдер мен жалпы Орталық Азия аймағы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда айрықша маңызды мәселе болмақ. Осы орайда Ахмед Мұхаммед Али банк аталмыш жоба аясында басқа да қаржылық институттармен қарым-қатынаста жұмыс істейді деп атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін