Ислам Даму банкі ұйымға мүше кейбір елдерде сауда-саттықты дамытуға бағытталған жобалар мен кейбір операцияларды қаржыландыруға 278 млн. доллар бөлуді құптады
Ислам Даму банкі атқарушы директорларының кеңесі ұйымға мүше кейбір елдерде сауда-саттықты дамытуға бағытталған жобалар мен кейбір операцияларды қаржыландыруға 278 млн. доллар бөлу туралы шешімді бекітті. Бұл туралы Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің жыл сайынғы 28-отырысы барысында банктің еліміздегі өкілдігінен хабарлады. |
Ислам Даму банкінің президенті Ахмед Мұхаммед Алидің хабарлауынша, кеңес банкке мүше 8 елді дамытуға бағытталған 9 жобаны жүзеге асыру мақсатында 129 млн. доллар, сондай-ақ, банкке мүше болып табылмайтын мұсылман елдерде 6 жобаны жүзеге асыруға 1 млн. доллар бөлу туралы шешімді мақұлдады. Сонымен қатар басқармалар кеңесі Түркия, Сауд Арабиясы, Сенегал, Иран, Алжир және Бангладеш тәрізді елдердегі сауда-саттық операцияларды қаржыландыруға 148 млн. доллар бөлу туралы Ислам Даму банкі президентінің ертеректегі шешімін бекітті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін