Жарияланды: 560

Ислам Даму банкінің президенті Ресейдің аталмыш қаржылық институтқа мүшеллікке өтуге ниет білдіргендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды

"Ресей Федерациясы Ислам Даму банкіне мүшелліке өту туралы ниет білдірді деген ақпарат шындыққа жанаспайды",- деп мәлімдеді бүгін, 1-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында журналистер сауалына жауап берген Ислам Даму банкінің президенті Ахмед Мухаммед Али.

Соған қарамастан, баспасөз беттерінде жарық көрген ақпараттарға негіздей отырып банк президенті Ресейдің Ислам Даму банкіне мүше емес, бақылаушы мәртебесінде қосылу мүмкіндігі туралы жекелеген ұсыныстардың жасалғанын хабарлады. Аталмыш халықаралық қаржылық институтқа мүшелікке өту үшін мынадай талаптарды орындау шарт : ол үшін мүшелікке ниет білдіруші мемлекет Ислам конференциясы ұйымына мүше болуы, өзіндік үлес-жарнамасын қол қойылған капитал түрінде енгізіп, Ислам Даму банкінің құрылтайшылық келісімін ресми түрде мойындауы тиіс. Іргетасы 1973-жылы қаланған Ислам Даму банкіне бастапқыда 22 мемлекет мүше болып қабылданған. Ал ресми іс-қызметке банк 1975-жылдан бастап кірісті. Қазіргі таңда Ислам Даму банкіне 54 ел мүше болып табылады. ТМД елдері арасынан Ислам Даму банкіне Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан республикалары мүшелікке өткен. Ал Өзбекстан таяу уақыттарда мүшелікке өтпек ниетте.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть