«Уганданың Кампала қаласында 18-20 маусымда Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерінің 35-ші кеңесі өтеді, оған сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастаған қазақстандық делегация қатысады»,- деді Е.Ашықбаев.
«Кеңесте мұсылман елдердің саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері қарастырылады»,- деді ол.
ҚР СІМ өкілінің айтуынша, мұсылман елдерінің дипломаттары Қазақстанның 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерінің 38-ші кеңесін өткізу өтінімін, сонымен қатар еліміздің 7-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумын өткізу өтінімін қарастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті