Исландияның сыртқы істер министрі Гуннар Браги Свенссон 12 наурыз күні өткен кездесуде ЕО Кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Латвияның сыртқы істер министрі Эдгару Ринкевичке Рейкьявиктің Еуроодақпен оның құрамына кіру туралы келіссөздерді жаңғыртудан бас тарту жөніндегі хатын тапсырды. Өз кезегінде Латвияның сыртқы істер министрі бұл хатты ЕО басшылығына тапсыруы тиіс.
«Осы шешімді қабылдау арқылы Исландия ЕО-ға үміткерліктен бас тартады», — делінген Исландия СІМ хабарламасында.