Жарияланды: 400

Испания Корольдігі және ҚР арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету Конвенцияға қол қойылды

Испания Корольдігі және ҚР арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету Конвенцияға қол қойылды

Бүгін Астана қаласында Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Х.Л.Родригес Сапатероның біздің еліміздегі ресми сапары аясында

Испания Корольдігі және Қазақстан Республикасы арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету Конвенциясына қол қойылды. Келісімге Қазақстан жағынан Бас Прокурор Асхат Дауылбаев, ал испандық тараптан Қазақстандағы Испания Корольдігінің Елшісі Альберто Антон Кортес қол қойды. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі осы екіжақты келісімнің жасалуы айтулы оқиға әрі қазақстандық-испандық құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудегі және қылмыспен күресуде күш біріктірудегі ілгерілеушілік екені сөзсіз, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Келісім қазақстандық және испандық уәкілетті органдарға ақпарат беру, қылмыстық тергеу жүргізу кезінде көмек көрсету, тергеу амалдарын бірлесіп жүргізу, қылмыстық жолмен алынған пайданы іздестіру, тәркілеу және т.б. көптеген өзара процессуалдық іс-шаралар топтамасын қарастыратын белсенді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік жасайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін