Испанияда коронавирусқа байланысты халыққа 500 евро берілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испанияда коронавирусқа байланысты халыққа 500 евро берілетін болды

Испанияда коронавирусқа байланысты халыққа 500 евро берілетін болды

Испания үкіметі мамыр айында мемлетке тұрғындарына жәрдемақы табыстау туралы шешім шығарыпты. Мемлекет билігі азаматтарға шамамен 500 евро үйлестірмекші.

  • 20 Сәуiр 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Аталған шара бүкіл Испания халқын қамтымақшы. Ең бірінші кезекте, бұл жағдай коронавирус пандемиясы салдарынан табыссыз қалғандардың тұрмысын жақсартуға бағытталыпты.

Негізінен Испанияда мемлекет тарапынан халықты ақшалай қолдау туралы сәуір айының басында айтылған. Осы кезде елдің экономика министрі Надия Кальвиньо испаниялық отбасыларға көмек көрсету керек екендігін мәлімдеген. 

Қазақстанда ТЖ кезінде табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттен 42 500 теңге тағайындау қолға алынған. Қазіргі таңда жәрдемақы 3,6 миллионнан астам қазақстандыққа беріліпті.