Израиль әскері Палестинадағы бейбіт халықты қырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль әскері Палестинадағы бейбіт халықты   қырып жатыр

Израиль әскері Палестинадағы бейбіт халықты қырып жатыр

Газа секторындағы жағдай ушығып барады. Израиль қарулы күштерінің әуеден де, жерден де жасалып жатқан үздіксіз соққыларынан мұнда қаза тапқандар саны 430-дан асты.

  • 22 Шiлде 2014
  • 203
Фото - Caravan.kz


Тель-Авив ХАМАС-тың радикалды топтары қаруын тастамайынша, әскери операциясын әлі де тоқтатпайтынын мәлімдеуде. Қазір Газа аймағына оқ әуеден, жерден тіпті, теңізден де жауып жатыр. Әскерилер бейбіт халық шоғырланған аудандарды да нысанға алған. Халықаралық қауымдастық тараптарды татуластыруға күш салып жатқанымен, әзірге нәтижесіз. Арағайындық ете келгендердің басында тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунның өзі жүр.