Тәуелсіз ауғандық телеарна хабарлағандай, ғимараттың жанында жарылғыш зат қойылған көлік жарылған. Оны жанкешті басқаруы мүмкін.
Қала шығысында дипведомство ғимаратының жанында қуатты жарылыс болды, деп хабарлады Рейтер полицияға сілтеме жасап.
Құрбандар мен зардап шеккендер жайында мәліметтер жоқ. Ресей тарапы болған жағдай туралы әзірге хабарлаған жоқ. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс жүргізуде.