Жарияланды: 430

Калифорнияда ұшақ госпитальге құлады, құрбан болғандар бар

Калифорнияның Ватсонвиль қаласында бірмоторлы ұшақ госпиталь ғимаратына құлады, оқиға салдарынан ұшақ бортындағы адамдардың бәрі қаза болды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Азаматтық авиация федералдық басқармасының өкілі Линн Лансфордтың хабарлауынша, ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін көп ұзамай клиниканың үстіне құлаған. Ватсонвиль әуежайы диспетчерінің айтуынша, ұшақ апатының салдарынан өрт болмаған, ауруханадан адамдар көшірілмеген. Госпитальде құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жұмыс істеуде. Апаттың себебі анықталуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін