Кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды бағдарламасы қандай мәселені көтеріп отыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды бағдарламасы қандай мәселені көтеріп отыр?

Кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды бағдарламасы қандай мәселені көтеріп отыр?

Қазақстан президенттігіне кандидат өзін- өзі ұсынушы республика кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов сайлау алды бағдарламасында басты назарды экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне бөліп отыр.

  • 31 Наурыз 2015
  • 1515
Фото - Caravan.kz


Ә.Құсайыновтың бағдарламасы сейсенбіде ресми БАҚ-да жарық көрген. Кандидат табиғаттың тиімсіз пайдаланылуына, қоршаған ортаның қалдықтармен ластанауына, биологиялық түрліліктің азайып бара жатқандығына алаңдаушылық білдіріп отыр.
Экология проблемаларына тоқтала келе Ә.Құсайынов адамзатты табиғатпен келісімде өмір сүруге шақырып отыр.
"Адамдар биосфераның даму заңдарын, оның не себепті ыдырауы мүмкін екендігін білуге тиіс. Қоғамда биосфераның даму заңдары бұзылмайтындай жағдай қалыптастыруға тиіспіз”, делінген онда.
"Барлық кәсіпорындар жұмыс істегенде қоршаған ортаға кері ықпалын барынша азайтуға тырысуы керек. 2004 жылы “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының заңы қабылданған. Заңда өнімдер мен процестердің қауіпсіздігі нормалары, көп деңгейлі стандарттар мен сертификаттар туралы нақты айтылған. Менің мақсатым, осы нормалардың мөлдірлігін және дұрыс сақталуын қамтамасыз ету”, делінген оның сайлау алды бағдарламасында.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 26 сәуір күнге белгіленген.
Мемлекет басшысы орнынан үш үміткер бар, өзін-өзі ұсынған республикалық кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Коммунистік партия атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықов және қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев.