"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты

«Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes-ке берген сұқбатында 15 қыркүйек күні «Канеломен» кездесетін жаңа қарсылас іздеуге ресми түрде кіріскенін мәлімдеді.

  • 30 Мамыр 2018
  • 59
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы prosports.kz хабарлайды. 

Гоместің бұл сөзі олардың Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқандарынан дерек береді. Өткен жылы қыркүйекте өткен кездесуде тең тарқасқан қос боксшы биыл дәл сол уақытта қайта жұдырықтасып, шын мықтыны анықтағылары келген еді. Алайда, жеме-жемге келгенде сыйақы мөлшеріне келісе алмай, кездесуді өткізуге амалсыз қалып отыр.

Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы қазақстандықпен өтетін қарымта матчтан түскен табыстың 65%-ын өзіміз аламыз деп отыр. Ал отандасымыздың командасы табысты теңдей бөлсек деген талаптарын қойды. Осы мәселеге келгенде қос тараптың жолы екіге айырылды.

Эрик Гомес енді орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО), орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO), орта салмақтағы WBC белбеуінің уақытша чемпионы америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 KO) немесе ирландиялық Гэри О'Салливан (28-2, 20 KO) және канадалық Давид Лемье (39-4, 33 KO) қатарлы боксшылармен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Ол тағы Головкинмен реванш өткізуге қарсы болмағандарын, бірақ, қазақстандықтың соңғы сәтте жөнсіз талап қойғанын жеткізді. Әрі GGG өзіне ұнаса бар болғаны 12 жекпе-жек өткізген, әлі ешкім танымайтын Сергей Деревьянченкомен (міндетті қарсыласы) жұдырықтасып жүре берсін деген мысқылын да айтып қалды. 


Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ