Карагужиха ауылында 12 жылдан кейін жарық қайта берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карагужиха ауылында 12 жылдан кейін жарық қайта берілді

Карагужиха ауылында 12 жылдан кейін жарық қайта берілді

Семей. 12-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Карагужиха ауылында 12 жылдан кейін тоқ қайта берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 674
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне облыс бөілімінде хабарлағандай, «бұрын жарықпен қамсыздандыру электр дизелі арқылы іске асырылып келген. Алайда, қайта құру кезеңінің келуімен, дизельдік отынның қымбаттауымен Карагужиха ауылында 12 жылдан астам уақыт бойы жарық болмаған». «Кеңестік дәуір кезінде мұнда электр тасымалдау желілері салынбауы себепті қиындықтар туды. Енді бұл мәселені күн тәртібінен шығаруға болады», — деп түсіндірді бөлім қызметкерлері.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кеше «Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтаған».

Карагужиха ауылының географиялық орналасу ерекшелігін ескере отырып, электрмен қамтамасыз ету ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашады. Ал бұл, өз кезегінде, оның әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымын кеңейтуге демеу бола алады», — деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.

«Шығыс Қазақстан облысында басталған жұмыс жалғастырылатын болады. 2008 жылдың аяғына қарай тұрғындарының жалпы саны 500 адамды құрайтын оншақты ауыл электрмен қамсыздандырылатын болады. Осылайша, ел президентінің тапсырмаларын біз іске асырудамыз», — деп атап көрсетті облыстық бөлімде.

Энергетиканың дамуы туралы айта келіп, облыс әкімі аймақта жаңа энергетикалық қуат көздерін енгізумен байланысты басымдыққа ие инвестициялық жобалар анықталған. «Қолданылып жатқан шаралар облысқа электр энергиясының тапшылығын болдырмауға ықпал етеді. Ол тапшылық қазір 927 млн кВт/сағатты және 100 МВТ көлеміндегі электр қуатын құрап отыр», — деді Жәнібек Кәрібжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті