Жарияланды: 740

«Каражанбасмұнай» жұмысшылары Маңғыстау облысының әкімімен кездесуді талап етуде

«Каражанбасмұнай» жұмысшылары Маңғыстау облысының әкімімен кездесуді талап етуде

Ақтауда «Қаражанбасмұнай» АҚ 450-дей жұмысшысы бейсенбі күні Маңғыстау облыстық әкімшілік ғимаратының жанына жиналып, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевпен кездесуді талап етуде, деп облыстық әкімшілік баспасөз қызметінен хабарлады.

Хабарда айтылғандай, жұмысшылар облыс әкімі арқылы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз үндеулерін тапсырмақшы. Облыс әкімдігінің өкілдері олармен кездесуге шығып, қазір облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Астанада екендігін жеткізіп, сындарлы сұхбат үшін ғимаратқа кіруіне ұсыныс жасады. «Қаражанбасмұнай» АҚ және оның еншілес компанияларының жұмысшылары ғимаратқа кіруден бас тарттты. Одан кейін оларға жұмысшалырдың арасынан өздерінің сенімді өкілдерін таңдап алып, облыс басшысы іссапардан орылған соң кездесу ұйымдастыру үшін координаттарын тастауды ұсынды. Жиналғандар ешкімді де оған ұсына алмады, делінген хабарда. Ақтау прокуроры Талғат Әлібаев жиналғандарға олардың әрекеттерінің «ҚР-да бейбіт жиналыс, митингі, шеру, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі туралы» заңға сай келмейтіндігін түсіндіріп, олардың тарап кетуін сұрады. Қазір наразылық акциясына жиналғандар әлі де облыс әкімдігінің ғимаратының алдында тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть