Жарияланды: 11000

"Кәрісіңе еліктеп жүр ласина киіп": Жанат Бақыт қазақ жігіттерінің масқарасын шығарды

"Кәрісіңе еліктеп жүр ласина киіп": Жанат Бақыт қазақ жігіттерінің масқарасын шығарды Сурет - interesnoe.me

Танымал журналист Жанат Бақыт басынан өткен жағдайды айтып, қазіргі жігіттері туралы өз ойын айтты.

Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Нотариуста отырсам, нотарус апай "Негізі қазақ деген өте слабый xалық. Ойдан шығарды демеңдер, мына жерде отырғаныма жарты ғасырға жуықтады, көргенімді айтайын, қазақ жігіт орыстан, не кәрістен қатын алады, өзі де соның тілінде сөйлеп, бала-шағасы да қазақша татпайтын жағдайға жетеді. Қазақ қызы ұйғырға, не қытайға тиеді, опять же соның тілінде сөйлеп, солардың дәстүрін айтып, осы жерге келіп отырады. Мысалы, талай орыс келеді Александр Аскарович, Николай Дастанович дегендер, әкесінің қазақ екені мұрындарына иісі де бармайды. Әкесі мәңгүрт құсап отырады анадай жерде!" дейді апам!
Сол-ақ екен, кезекте тұрған орыс келіншек "Менің ұлым бір рет "Мама, мен осы орыспын ба, қазақпын ба?" деп сұрады" (балаларына қарасам, әкесі қазақ екені көрініп тұр), сен Қазақстанда тұрасың, қазақ болатын шығарсың, бар, папаңнан сұрашы дедім. Балам папасына барған еді, папасы "Білмейм, өзің білші, орыс болғың келсе орыс бол, қазақ болғың келсе қазақ бол" деді" дейді. "Еркек екен онда!" деп кекетті нотариус апай.
Намыстан жарылардай боп отырмын. Не дейсің ал? Рас қой, ауылдан келген талай танысым орыс қатын алды. Мляя, шіркіндерің өмірі қалада тұрғандай сызылыып орысша сөйлеп жүреді, балалары қазақ екенін білмейді де. "Неге мұндай тәрбие беріп жатырсың?" десең, "Өзім орыс тілін білмей көп қиналғанмын, бұлар қиналғанын қаламаймын" деп қояды. "Жақсы бопты" дейсің, не дейсің басқа? Көл тамшыдан құралады, бәріміз бір тілден қиналдық екен деп баламызға қазақ екенін айтпай өсірсек, жақын 50 жылда жойылып кетпесімізге кім кепіл? Онсызда әркіммен қанымыз араласып, бойымыз мыртиып, ұсақталып барамыз. Ата-бабамыз қандай денелі, ұзын бойлы болған! Қайда сол нар тұлғалы, тепсе темір үзетін қазақ жігіттері?Жүреді кейін мәңгүрттердің ұрпағы көздері қысиып, не көкшиіп, сала жеп, құрт-құмырсқа жеп. Кәрісіңе еліктеп жігіттер (жігіт деуге де ұяласың) жүр ласина киіп, шаштарын қызылға бояп. Жағымпазбыз просто. Бір сөзбен айтар болсақ, шындық сол!
Шетелге барсаң да намыстанасың ше, әр ел өз тілінде сөйлеп жүреді, со баяғы Әпенде қазақ жарбаң-жарбаң етіп орысша сөйлеп жүреді, "Сендер қай ұлтсыңдар негізі?" деп түсінбей жүрген анада бір шетелдік! Жының келеді кейде намыссыз дүбараларға", - деп жазды ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін