KASE күндізгі сессиясы: доллар - 359,85 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы: доллар - 359,85 теңге

KASE күндізгі сессиясы: доллар - 359,85 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 1 Ақпан 2016
  • 272
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: — есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD)   орташа сараланған бағамы 359,85 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 56 300 мың АҚШ доллары;

— есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,7351 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 60 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 360,45 теңгені (-4,34) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 90 600 мың USD (-115 400 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында: — USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,2500 теңге  (жылдық 25,08 %), сауда-саттық көлемі 598 300 мың USD құрады;

— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.