Жарияланды: 410

KASE: теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,04 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,04 теңгеге төмендеп, 1 $ үшін 145,52 теңгені құрады. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Бейсенбіде орташа бағам 1 доллар үшін 145,48 теңге болатын. KASE мәліметтеріне сәйкес, жұмада сауда-саттық көлемі 64,9 млн долларды құрады, бейсенбіде бұл көрсеткіш 70,45 млн доллар болатын. Сауда-саттыққа 19 банк қатысты. 10 маусымға арналған ресми бағам 1 доллар үшін 145,48 теңге. Ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, 11-13 маусымда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 145,52 теңге.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін