Каспий теңізінде әзірбайжандық браконьерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде әзірбайжандық браконьерлер ұсталды

Каспий теңізінде әзірбайжандық браконьерлер ұсталды

 Қазақстан шекарашылары Каспий теңізінде заңсыз балық аулаумен айналысқан 4 Әзірбайжан азаматын құрықтады.

  • 30 Наурыз 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz


ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, заң бұзған шетелдіктерді өткен бейсенбі күні «Жағалау күзеті» басқармасының шекарашылары қолға түсірген.
Балық аулауға «Байда» типтес қайықпен шыққан браконьерлер шекарашылардың талабын құлаққа аспай, теңіздің қазақстандық бөлігінен шығып кетпек болған.
Сондықтан шекара кемесінің экипажы екі рет ауаға оқ атуға мәжбүр болды.
Тексеру барысында қайықтан 25 жәшік ау мен 240 дана бекіре балығы тәркіленді.
Бұл туралы құқық қорғау орындарына хабарланды. Тексеру жүріп жатыр.