Жарияланды: 500

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша Әзербайжан-Түрікменстан және Әзербайжан-Иран арасындағы екі жақты келіссөздердің кезекті раунды сәуір айында Бакуде өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша Әзербайжан-Түрікменстан екі жақты келіссөздердің кезекті раунды биылғы жылдың сәуір айында Бакуде өтеді. KZ-today тілшісінің Әзербайжан астанасынан хабарлауынша, бұл туралы Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов журналистерге мәлімдеген.

Х.Халафовтың айтуынша, Әзербайжан мен Түрікменстан Каспий теңізінің табанын жағалаудан бірдей қашықтықтағы нүкте арқылы өтетін орта сызық бойымен бөлісуге келісіп, ендігі жерде осы сызықтың нақты координаттарын айқындау мақсатында келіссөздер жүргізуде. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша Әзербайжан-Түрікменстан екі жақты келіссөздердің кезекті сатысы биылғы жылдың 28-29-қаңтарында Ашхабадта өткен. Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары сондай-ақ, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша Әзербайжан-Иран екі жақты келіссөздердің кезекті раунды биылғы сәуір айында тағы да Бакуде өтетінін хабарлады. Кездесудің нақты мерзімі кейінірек белгілі болмақ. "Жалпы алғанда, менің пайымдауымша, келіссөздерді оң бағытта деуге болады",- деді Х.Халафов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін