Баспасөз қызметі қызметкерінің айтуынша, бұл туралы «Қазақмыс Голд Қырғызстан» ААҚ президенті Ильяс Тюлекеев 24-қазан күні Қырғызстан премьер -министрі Жантөре Сатыбалдиевпен кездесу барысында айтты.
И.Тюлекеев премьер-министрге атап өткендей, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде, түсті металдар өндірісі 2013 жылы желтоқсан айында басталмақ.
Жыл сайын кен орнынан 7,3 мың тонна мыс,39 мың унций алтын және 200 мың унций күміс өндіру көзделген.