Қазақстанда кейбір авто мектептердің қызметі уақытша тоқтатылды – ІІМ маңызды мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кейбір авто мектептердің қызметі уақытша тоқтатылды – ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда кейбір авто мектептердің қызметі уақытша тоқтатылды – ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері авто мектептердің қызметіне тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта республика бойынша 727 авто мектеп жүргізушілерді даярлаумен айналысады

  • 22 Сәуiр
  • 5
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы 2026 жылғы 22 сәуірде ведомствоның ресми мәлімдемесінде белгілі болды.

Қазіргі уақытта 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды. Тексеру барысында автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандырудың жеткіліксіз екені, сондай-ақ кейбір көлік құралдарының ақауы бар екені анықталды. Осы кемшіліктерді жою үшін 20 ұйғарым берілді.

Сонымен қатар жүргізушілерді даярлау үшін міндетті техникалық тексеруден өтпеген және сақтандыру полисі жоқ автокөлікті пайдаланған 59 оқу ұйымы анықталды.

Нәтижесінде, қазіргі таңда ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автомектептердің 701 оқу тобының қызметін тоқтатты.

Автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын тіркеу «Автомектеп» ақпараттық жүйесімен жүзеге асырылады. «Автомектеп» АЖ көмегімен онлайн режимінде берілген куәліктің заңдылығын, сағаттық оқу бағдарламасын, оқу автокөлігін есепке алуды тексеруге болады.

Сонымен қатар оқу ұйымдарының қызметіне бақылауды одан әрі күшейту мақсатында автомектептерді ашудың хабарлама тәртібінен рұқсат беру тәртібіне көшуді, сондай-ақ олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тетіктерін енгізуді көздейтін «Жол жүрісі туралы» заңға өзгеріс енгізу жөнінде заң жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.