Қазақстандықтардың тапқан табысы көбінесе мейрамхана мен дәмханада тамақтануға кетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың тапқан табысы көбінесе мейрамхана мен дәмханада тамақтануға кетеді

Қазақстандықтардың тапқан табысы көбінесе мейрамхана мен дәмханада тамақтануға кетеді

Елімізде бір отбасы жылына 75 мыңын мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды.

  • 27 Мамыр
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Бір отбасы сырттан ас ішуіне жылына кемі 75 мың теңге жұмсайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК-ға сілтеме жасап.

Соңғы уақытта үйде ас әзірлеп әуре болмай, сырттан тамақтануға үйренгеніміз рас. Кей кездері тіпті көшеге шықпай-ақ, дәмхана мен мейрамханалар, басқа да қоғамдық тамақтандыру орындарынан дайын тағамға тапсырыс береміз. Оның бәрі қалтаға салмақ салатыны сөзсіз.

Finprom.kz агенттігінің мәліметінше, елімізде бір отбасы жылына кемі 75 мың теңгесін мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды екен.Тізімде Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Олар 200 мың теңгеден астам қаражатын сырттан тамақтануға жаратады.  Екінші орында астаналықтар тұр.

Ал алматылықтар 100 мыңға жуық қаражатын қоғамдық тамақтанатын орындар мен дәмханаларда жұмсайды. Рестораторлар ас мәзіріндегі бағаның күннен-күнге өсіп жатқанын айтады. Азық-түлік өнімдеріне кететін шығыннан бөлек, мекемені жалға алу, ыдыс-аяқ, қызметкерлерге беретін қаржы бағаның өсуіне әкеледі дейді.

«Бір жылдың ішінде мейрамханалар шамамен 30 пайызға қымбаттағаны рас. Себебі ,өздеріңіз білесіздер, жұмысшыларды да аз жалақымен ұстап отыра алмаймыз. Мысалы, мен шығынды азайту үшін кадрды қысқартып, олардың жұмысын өз мойныма алып отырмын», — деді ҚР Рестораторлар қауымдастығының мүшесі Тимур Ғайпанов.

Ал экономистер мұны жаһандық даму деп түсіндіреді. Адамдар ауылдан қалаға белсенді түрде көшіп, бар уақытын қаражат табуға жұмсайды деді.

«Пандемиядан кейін азық-түлік бағасынан бөлек, дәнді дақылдарға дейін қымбаттағаны рас. Бұл ауыл шаруашылығының дамымай жатқанын көрсетеді. Өзіміздің өндіріске мән бермейміз. Сырттан импорттап алуға жанымыз құмар. Ад адамдардың мейрамханаларға деген  сұранысын урбанизация деп айтар едім», — деді экономист Арман Байғанов.

Дегенмен еліміздің қоғамдық тамақтану орындарындағы бағаны әлемдік стандарттарға сай келеді деп айту қиын. Бағаның қымбат екенін рейтингтан-ақ аңғаруға болады. Ең арзан мейрамханада тамақтандым дегеннің өзінде, жоқ дегенде, 9 АҚШ доллары, яғни 4000 мың теңгені тастап кетеміз. Мұндай бағамен барлығы 97 ел қатысқан рейтингте Қазақстан 42-ші орынға жайғасыпты.