«KEGOC» акциясын сатып алғысы келетіндердің қатары көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KEGOC» акциясын сатып алғысы келетіндердің қатары көбейді

«KEGOC» акциясын сатып алғысы келетіндердің қатары көбейді

«KEGOC» өз акцияларын «Халықтық IPO-ға» шығаруға арналған шараларын жалғастыруда. Ірі ұлттық компания бұл жолы Алматы облысындағы «Алма» қосалқы электр станциясының мүмкіншіліктерімен таныстырды. Заманауи қондырғылармен жабдықталған кәсіпорын еліміздің өңтүстік өңіріне электр жарығын таратып отыр.

  • 21 Қараша 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

«Алма» қосалқы электр станциясы 2012 жылдың аяғында іске қосылған.Оның қызметі – электр станцияларында өндірілген қуат көзін жинақтап, оны тұтынушыларға тарату. Бұл нысанды «KEGOC» компаниясы Алматы облысындағы жарық тапшылығын жою үшін тұрғызыпты.

Бақытжан Қажиев, «KEGOK» АҚ басқарма төрағасы:

-Сенімділікті қамтамасыз ету үшін бұл жобаны бастадық. Бұл жоба тәуелсіздік алғаннан бері бірінші осындай үлкен қосалқы станция салынды. Және электр желілері 500 кв, 220 кв біртұтас электр тораптарына қосылған жоба.

Содан бері Алматы қаласы мен еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр тапшылығы азайды дейді мамандар. Әрі мұнда барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталған. Елімізді жарықпен қамтамасыз етіп отырған осындай алпауыт компанияның акцияларын сатып алу үшін өтініштер әлі қабылданып жатқанын айта кетейік. Ол келесі айдың 5-іне дейін жалғаспақ.

Жұлдыз Жұмабаева, «KEGOK» АҚ бас менеджері:


-Акцияны сатып алу деген ақшаңызды заманға сай инвестициялау деген сөз. Біздің акцияны алсаңыз, міндетті түрде екі жолмен пайда табасыз. Біріншісі акцияның бағасы қымбаттаған кезде, ал екеншісі компанияға түскен пайдадан дивиденттер төленген кезде кәдеге жарайды.

Ал компанияның құнды қағаздары тек желтоқсанның 19-нан бастап сатылымға шықпақ. Бір акция құны 505 теңге.Осы электр станциясының қызметкері Қуаныш Хазизов та өз компаниясының акционері болуды көздеп отыр.

Қуаныш Хазизов, «Алма» қосалқы электр станциясының қызметкері:

-Осы компанияда істеп жатқаныма 3 жыл болды. Акцияны сатып алуды күтіп отырмын. Осы желтоқсанда шығады. Сатып алуға міндеттімін деп ойлаймын.

Ең ірі электр жүйелерін басқаратын «KEGOK» акцияларын сату арқылы 13 миллиард теңге пайда табуды жоспарлап отыр. Ол қаржы алпауыт компанияның одан әрі дамуына жұмсалмақ.