Жарияланды: 420

Кейбір айырбастау пункттерінде АҚШ долларының сатылуы тежелуде

Кейбір айырбастау пункттерінде АҚШ долларының сатылуы тежелуде

Дүйсенбіде қазақстандық қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 8% түскеннен кейін айырбас пункттерінде доллардың орташа сатылу бағасы 280 теңгені құрады.

Оның үстіне Астананың көптеген айырбас пункттерінде АҚШ доллары сатылып жатқан жоқ. Алматыда да осы жағдай байқалуда.
Алматыда доллар кейбір айырбас пункттерінде аз көлемде ғана сатылып отыр.
"Тек екі жүз доллардан ғана сата аламыз», деді Limpopo айырбас пункттері желісінің қызметкері.
Алдында хабарланғандай, дүйсенбіде теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда 21,41 теңгеге дейін түсіп, 273,55 теңгені құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін