Кейінгі уақытта әлемдегі ахуал мейлінше күрделі әрі қарама-қайшылық сипатқа көшті - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кейінгі уақытта әлемдегі ахуал мейлінше күрделі әрі қарама-қайшылық сипатқа көшті - Назарбаев

Кейінгі уақытта әлемдегі ахуал мейлінше күрделі әрі қарама-қайшылық сипатқа көшті - Назарбаев

Астана. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Кейінгі уақытта әлемдегі ахуал мейлінше күрделі әрі қарама-қайшылық сипатқа көшті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының оқытушы-профессорлар құрамымен кездесуде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Желтоқсан 2007
  • 883
Фото - Caravan.kz

«Кейінгі уақытта болған оқиғалар әлемдегі ахуалдың мейлінше күрделі әрі қарама-қайшылық сипатқа көшкенін паш етеді. Жаңаша әрі шығу тегі мүлдем су жаңа қауіп-қатерлер пайда болды және оларды көп жағдайда қалыпты пайым-түсініктер шеңберінде түсіндіруге келмейді. Бірақ дегенмен, қазіргі әлемдегі барлық проблемалар мен катаклизмдердің трансұлттық сипатта екені айқын байқалады, демек, оларды еңсеру үшін күш біріктіруді талап етеді», — деді Н. Назарбаев.

Оның атап көрсетуінше, Қазақстанның сыртқы саясаты «ұлттық мүдделерді қорғау және ілгерілетумен қатар, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың игілігі үшін аталған қауіп-қатерлермен күреске бағытталған халықаралық күш-жігерге белсене атсалысуға бағытталған».

«Біз жоғары әлеуметтік-экономикалық өсім қарқыны тоқмейлсушілікке себеп емес екенін ұғынамыз. Біз тұрақты дамуға, сапалы құрнылымдық өзгерістерге қол жеткізуге тиіспіз. Бүгінде Қазақстанды Орталық Азия өңірінің көшбасшысы деп атап жүр. Және бұл объективті пікір», — деді Қазақстан президенті.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының пікірінше, «көшбасшылық туралы бос әңгімелер емес, нақты сапалық өсім ғана Қазақстанның геосаяси координаттар жүйесінде лайықты орын иемденуін қамтамасыз ете алады». «Ғаламдық экономика ұлттық және әлемдік экономиканың дамуы мен ықпалдастығының жаңаша тәртіптерін дүниеге әкелуде. Бәсекелестік барша халықаралық шаруашылық өмірдің қозғаушы күшіне айналды. Жаңаша парадигма шеңберінде өз-өзімен оқшаулану мен протекционизмге, бос қиялдар мен ұзақ ойлануға орын мен мұрсат қалмай барады», — деді Н. Назарбаев.

«Сылбырлық пен әрекетсіздікке бой алдырған әрбір жыл болашақта орны толмас шығындарға алып келуі мүмкін», — деді ол. «Біз өз елдеріміз бен халықтарымызға лайықты болашақты қамтамасыз ету үшін қарқынды әрі табысты болуға міндеттіміз. Табиғи ресурстар мәңгілік емес. Және олар елді әлемдік қоғамдастықтың құрметті мүшесіне айналдыра алмайды», — деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті