Келесі жылы орташа зейнетақы қанша болатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылы орташа зейнетақы қанша болатыны белгілі болды

Келесі жылы орташа зейнетақы қанша болатыны белгілі болды

2019 жылы орташа зейнетақы базалық зейнетақының орташа мөлшерін есепке алғанда, 87 243 теңгені құрайды.

  • 13 Қыркүйек 2018
  • 91
Фото - Caravan.kz

Бүгін мәжілісте "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұловтың айтуынша, үш жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік блоктың шығындары 15,4 триллион теңгені құрайды. Оның ішінде келесі жылға 4,7 триллион теңге көзделген. 

"Әлеуметтік шығынның негізгі үлесі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған. Жоспарлы кезеңде аталған бағытқа 9,5 триллион теңге жоспарланған, оның ішінде 2019 жылға – 3 триллион теңге. Аталған шығындардың басым бөлігін әлеуметтік төлемдер құрайды", — деді Шолпанқұлов. 

Ол аталған қаржы есебінен азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төленетінін атап өтті. 


"Нәтижесінде 2019 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 36 108 теңгені құрайды. Базалық зейнетақының орта мөлшері 27 732 теңге деңгейінде  жоспарланып отыр. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа зейнетақы, базалық зейнетақының орташа мөлшерін есепке алғанда, 87 243 теңгені құрайды, яғни 5 728 теңгеге өседі", — деді министрдің міндетін атқарушы.

 

Соңғы жаңалықтар