Келіспейміз: Бишімбаевтің әйелі сот үкіміне шағым түсіретінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келіспейміз: Бишімбаевтің әйелі сот үкіміне шағым түсіретінін айтты

Келіспейміз: Бишімбаевтің әйелі сот үкіміне шағым түсіретінін айтты

Сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Назым Бишімбаева сот үкіміне шағым түсіретінін айтты.

  • 15 Наурыз 2018
  • 183
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды.

«Біз үкіммен келіспейміз. Сот істің бүге-шүгесін анықтаған жоқ деп санаймыз. Судья тек жанама айғақтарды ғана келтіріп отырды. Ешқандай тікелей айғақ ұсынылмады. Сондықтан біз келіспейміз, шағым түсіреміз… Менің күйеуім мұндай жазаға лайық емес. Нұрлыбек те солай. Оны да ақтауы керек еді деп санаймын», — деді Бишімбаевтың әйелі үкім оқылғаннан кейін.

Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа жала жабылып отыр. Бишімбаевқа сот үкімі шығып, 10 жылға сотталды. 

Оқи отырыңыз:


Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ақтық үкім шығарды

Қуандық Бишімбаевтың соты: Экс-шенеунікті үш бірдей адвокат қорғайды
Қамауда жатқан Қуандық Бишімбаевты туған күнімен інісі әлеуметтік желі арқылы құттықтады
Қуандық Бишімбаев ҚДБ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

 

 

Соңғы жаңалықтар