Кемінде 400 құрбан: полиция Ақтөбедегі мектептерге жоспарланған теракт туралы ақпаратқа түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кемінде 400 құрбан: полиция Ақтөбедегі мектептерге жоспарланған теракт туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Кемінде 400 құрбан: полиция Ақтөбедегі мектептерге жоспарланған теракт туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Telegram арнасының авторы нақты күнді атаған.

  • 25 Қаңтар
  • 175
Фото - Caravan.kz

Ақтөбелік мектеп оқушыларының ата-аналары лаңкестік әрекет туралы қорқынышты хабарламалардың скриншоттарын алды. Шошынған қала тұрғындары оларды бір-біріне жіберіп, балалары үшін алаңдауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бәрің күнәларың үшін жауап бересіңдер. Ақтөбе тозақ отына түседі. Біз мектептерде жаппай кісі өлтіргіміз келеді. Мен барынша көп адам өлтіруге тырысамын. Мектептерде жаппай кісі өлтіргіміз келеді", — деп қоқан лоқы жасаған белгісіз біреу хабарлама арқылы.

Сонымен қатар, оның нақты күні де аталады: 26 қаңтар. Лаңкестің айтуынша, атыс дәл жұма күні басталады. Автор өзінің жалғыз емес екенін айтады. Ол тіпті құрбандардың шамамен санын белгілеген: кем дегенде 400. Сондай-ақ  қарулардың фотосуреті жүктелген.

Бұл ақпараттың барлығы бастапқыда ашық болып, телеграм каналы арқылы тараған. Ата-аналар, әрине, үрейлі хабарламадан соң дабыл қаға бастады.

"Аталған хабарларға сену керек пе, жоқ па, білмеймін. Бірақ көбі балаларын бүгін-ертең мектепке жібермейтінін айтуда", — дейді үш баланың анасы Әлия. Ақтөбелік полицейлер бүкіл қаланы шошытқан блогерді қазірдің өзінде іздестіріп жатырмыз деп сендірді.

"Әлеуметтік желілерде Ақтөбе мектептерінде белгісіз біреулер қылмыс дайындап жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Осы фактіге байланысты полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел іс-шаралар жүргізілуде. Осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау мақсатында шаралар жүргізілуде. Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылау және полицияның санын арттыруға ерекше назар аударылды. Азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауды сұраймыз», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар