Кентауда тасқынға қарсы шараларға қарамастан, жер асты суларының деңгейі сол қалпында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кентауда  тасқынға қарсы шараларға қарамастан, жер асты суларының деңгейі сол қалпында қалды

Кентауда тасқынға қарсы шараларға қарамастан, жер асты суларының деңгейі сол қалпында қалды

АСТАНА. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Кентауда тасқынға қарсы шараларға қарамастан, жер асты суларының деңгейі сол қалпында қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

«11-сәуір күнгі 21 сағаттағы жағдаймен жер асты суларының деңгейі бұрынғы қалпында қалды», деп хабарлайды мекеме. «Мерғалым кен орнында он насоспен су сорғызып алынуда, коммуналдық қызметтің күшімен 30 адам және 20 техниканың қатысуымен тасқынға қарсы шаралар жүзеге асырылуда», деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге мекеме ақпаратына сәйкес, Кентау қалалық төтенше жағдайлар комитеті төтенше жағдайдың зардабын жою жөнінде кеңес өткізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Кентауда 24-наурыздан бері екі аптаға созылған нөсер салдарынан қала ішінде бұрындары қазылған ұңғылар мен су асты көздерінен келетін су көлемі ұлғайған. Жер асты суының деңгейі ең жоғарғы көрсеткіш — 444,3 метрге жетті.

Соның салдарынан «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «Южполиметалл» ӨК АҚ базасы, сондай-ақ, 200-дей тұрғын үй мен шаруашылық жайлары су ішінде қалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті