Кешенді тестілеуге қатысқандардың жартысынан астамы құлап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кешенді тестілеуге қатысқандардың жартысынан астамы құлап қалды

Кешенді тестілеуге қатысқандардың жартысынан астамы құлап қалды

Үміттері тағы ақталмады! Ұлттық біріңғай тесттегі төмен көрсеткіштен соң енді кешенді тестілеуге қатысқан талапкерлердің жартысынан астамы тиісті балды жинай алмай, құлап қалды.

  • 25 Шiлде 2014
  • 309
Фото - Caravan.kz

4 күн ішінде 85 мың түлектің 60 мыңға жуығы 50 баллды жинай алмаған. Тест сұрақтарына екінші мәрте жауап берсе де, олар білімін дәлелдей алмапты. Шпаргалга алып кіргендердің қулығы да жаппай әшкереленген. Тіпті орнына бөгде адамдардың кіргізген оқушылар да анықталып отыр. Ал 85 мыңның ішінен 9 талапкер ғана 100 баллды еншілеген. Бағы жанғандар қалаған университетіне түсе алады. Қалғандарына жоғарғы оқу орнының есігі мүлдем жабық. Айта кетсек сынаққа бұған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуден өте алмағандар мен колледж бітіріп университке түскісі келетін қыз-жігіттер  қатысқан-ды.


Тахир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-Тест ұйымдасқан түрде өтті. Бірақ, әлі де сол тыйым салынған заттарды алып келу тоқтамай тұр. 46 мыңнан астам ұялы телефон, калькулятор, шпаргалкалар талапкерлерден алынды.